Құрметті достар!

«АМТЖГ» АҚФ «Көкшетау темір жол ауруханасының» қызметкерлері Сізге қажетті медициналық көмекті көрсетуіне дайын және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеді.

Сіз бізбен бірге болсаңыз ауруларды алдын алу, диагностика , денсаулықты қалпына келтіру және емделу үшін мүмкіндігіңіз жоғары. Бізде пациенттерді амбулаторлық қабылдауды әр түрлі мамандықтағы біліктілігі жоғары дәрігерлер жүргізеді.

Денсаулық-бірінші байлық.

Дәрігер сіздің денсаулығыңыздың жақсы болғанын қалайтын досыңыз.

Бізге сенім артуыңызға болады.

Медициналық көмек көрсетуде көпжылдық тәжірибеміздің арқасында біз емдеудің жоғары нәтижелеріне қол жеткізудеміз.

Біздің аурухана қаладағы ескі медициналық мекемелердің бірі болып саналады және Көкшетау қ. стационарлық медициналық көмек көрсетуде 45 жылдан артық жұмыс жасап келеді.

Осы уақыт ішінде біз өзімізді адам үшін ең қымбат денсаулықты сеніп тапсыруға болатын компания ретінде ұсындық. Біздің медициналық қызмет көрсетудегі сәтті жұмыс тәжірибемізбен клиенттеріміздің ауруларының күрделілігіне қарамай, жылдан-жылға медициналық көмек көрсету сапасы жоғарылап келеді.

Біздің стратегиялық мақсатымыз - жүйе көшбасшысы болу.

Аурухананың беделі бүкіл ұжымның күшімен құрылады, өйткені біздің пациенттер үшін дәрігерлердің жақсы жұмысы, медбикелердің жауапкершілігі, кіші персоналдың күнделікті ауыр жұмысы маңызды екендігіне сенімдіміз.

Біздің ауруханада біліктілігі жоғары мамандар қарауды жүргізіп, сізді қажетті анализдер мен диагностикаға жібереді. Тексерудің нәтижелерін алғаннан кейін ғана сіз үшін емдеудің жеке жоспары жасалынады.

Ұжымның жақын жылдарға жоспары - материлды-техникалық базаны жақсарту, жаңа жабдықтар сатып алу және біліктілікті жоғарылату. Емдеу мекемесінің тиімді жұмысы үшін бәрі де маңызды: қазіргі жабдықтау, қолайлы палаталар, дәрігерлердің кәсібилігі және жеткілікті қаржыландыру.

Егер сіз қызмет сапасына жоғары талап қойсаңыз, тек қана біліктілерге сенім артатын болсаңыз, қамқорлық пен шынайылық маңызды болса, онда сіз үшін «АМТЖГ» АҚФ «Көкшетау темір жол ауруханасының» есігі әрқашан да ашық.

Біз осы жетістіктерімізбен тоқталмаймыз. Біз өсеміз, дамимыз, жетілеміз, біздің үлкен жоспарларымыз бар. Біздің ауруханаға өз мәселесімен келген әр адам бұл жерден ілтипатты қарым-қатынасты, түсіністікті, қызметкерлердің жоғары кәсібилігі мен біліктілігін көре алады.